- Advertisement -

Емі шипа болды

143

- Advertisement -

Жасым сексенге таяды. Көзім де нашар көретін болған. Соның салдарынан осы өткен көктемде есік алдында аяғым тайып, жерге оңбай құладым. Екі тіземнің ұршығы, оң қолымның білезігі шығып, азап көрдім. Содан, Қаройдағы қариялар өздеріндегі қырғыз ауылы атанған шағын елді мекенде мықты сынықшы барын айтып, соған жедел түрде қаралуыма кеңес берді.
Шынында да, халық емшісі Тұрсынкүл Мекемтасқызы шебер сынықшы екен. Ілтипатпен қарсы алып, демде-ақ зақымданған үш жерімді орнына сала қойды. Үйге күмән-күдікпен оралып, бірер күннен кейін денсаулығымның толық түзелгеніне көзім жеткен соң, Тұрсынкүлге қайта барып, алғысымды айтып, батамды бердім. Ерекше қасиетке ие емшіге ел-жұртқа шапағаты тиіп, разылықтарына бөлене беруіне тілектестігімді «Ақ жол» газеті арқылы білдірмекпін.

Анарбек қажы Әбжанұлы,
тыл және еңбек ардагері.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support