- Advertisement -

Қазақстанда экспортталатын тауарлар бағасы 13,3% артты

132

- Advertisement -

Қазақстанда экспортталатын тауарлар бағасы 13,3% артты

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстанда экспортталатын тауарлар бағасы 2018 жылдың тамызында оның алдындағы аймен салыстырғанда — 3,5%, 2017 жылдың желтоқсанына қарағанда 13,3% артты. Импортталатын тауарларға сәйкесінше 1,3% және 4,5% жоғары болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері экспорттық жеткізілімдер бағасы мұнайға — 19,8%, марганец кендеріне — 19,5%, мыс кендеріне — 17,6%, мысқа — 14,9%, табиғи газға — 13,6%, ферроқорытпаларға — 12,8%, темір кендеріне — 10,7%, қара металл прокатына — 10%, көмірге — 8,5%, алюминийге 8,2% жоғарылады. Мырышқа керісінше, 11,1% төмендеді.

Сондай-ақ бағаның арпаға — 14,8%, мақтаға — 6,5%, бидайға 6,1%  жоғарылағаны тіркелді. Жүннің құны 6% арзандаған.

Импортталатын өнімдерден жеміс және жаңғақтар — 58,7%, құс еті — 19,7%, балық — 12,3%, шай — 8,5%, қант 2,2% қымбаттады. Ал какао — 6,6%, маргарин — 3%, өсімдік майы — 2,3%, макарон өнімдері — 2,2%, кофе 1,5% арзандай түскен.

Аяқ киімдер — 25,2%, қағаз — 13,8%, пластмасса — 8,8%, тоқыма бұйымдары 7,6% қымбатқа сатыла бастады.

 

kazinfrom.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support