Құқық

1 тонна құс етін заңсыз алып өтпек болған

1 тонна құс етін заңсыз алып өтпек болған

Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасында құс етін контрабандалық жолмен алып өтпек болғандар да құрықталды. Оқиға жексенбі күні сағат екілер шамасында орын алған. «Гродеково» заставасының шекара жасағы қызметтік міндетін атқару барысында қауіпсіздік кедергісін басып өтпек болғандарды байқап қалған. Осы сәтте олар қашып үлгеруге әрекет жасайды, сондықтан шекарашыларға травматикалық қаруды пайдалануға тура келді. Контрабандашылар мінген «УАЗ» көлігінен бір тоннаға жуық құс еті табылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша мән-жайды анықтау шаралары жүргізілуде.

Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».