4 килограмм зергерлік алтын бұйым
4 килограмм зергерлік алтын бұйым
«Қордай» кеденінің қызметкерлері «Қарасу» бекетінде Кеден одағы аумағынан алтын бұйымдарды заңсыз алып өтпек болған азаматты қолға түсірді. «Көршілес қырғыз елінің азаматы тиісті кедендік декларациясынсыз алтынды заңсыз жолмен елімізге күндізгі сағат 12-лер шамасында алып кіруге тырысқан», – деп хабарлады облыс бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі. Кедендік тексеру барысында Қазақстанға бет алған Қырғыз Республикасының С. есімді азаматының басқаруындағы «Мерседес-Бенц» көлігінен зергерлік алтын бұйымдардың 446 жиынтығы табылған. Әр жинақта бір жүзік, екі сырғадан болған. Олардың жалпы салмағы 4 килограмға жуық. «Қордай» кеденінде осы факті бойынша тергеу алды шаралары басталып кетті.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».