Елбасы вице-премьер Асқар Жұмағалиевті қабылдады

114
Елбасы вице-премьер Асқар Жұмағалиевті қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат -Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Үкімет басшысының орынбасары Президентке Нью-Йорк және Лондон қалаларында өткен инвестициялық форумдардың қорытындылары жөнінде есеп берді.

Атап айтқанда, Асқар Жұмағалиев әлеуетті шетелдік инвесторлар үшін бірқатар панельді сессия өткізілгені жөнінде мәлімдеді. Бұл басқосуларда Қазақстандағы жекешелендіру үдерісі, экономиканың жекелеген секторларына инвестиция салу, Ұлы Жібек жолын жаңғырту, көлік логистикасын дамыту жайы, сондай-ақ цифрландырудағы инновацияның рөлі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі туралы мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары  инвестициялық форумдар аясында өткен екі жақты кездесулердің нәтижелерін баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

kazinform.kz

 

Comments are closed.