- Advertisement -

Химияшылар еңбегі лайықты бағаланды

103

- Advertisement -

Жаңа Жамбыл фосфор зауыты – «Қазфосфат» ЖШС-ның ірі филиалдарының бірі. Өткен аптада облыс орталығындағы «Баласағұн» орталық концерт залында аталған зауыттың құрылғанына 40 жыл толуы мерейтойы атап өтілді.
Бұл іс-шараға ЖЖФЗ-ның басқарма төрағасы Мақсұтбек Есенов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков пен облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке, облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов, Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов, қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев, сондай-ақ тиісті басқармалар мен мекемелер басшылары қатысты.
Химия өндірісінің алыбы – «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еліміздің және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесі зор екенін атап өткен Бекболат Серікбекұлы зауыт ұжымын мерейтойларымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Мерейтойлық салтанат барысында химия саласы еңбеккерлеріне лайықты құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, сала қызметкерлерінің 25- і «Еңбек ардагері», алтауы «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды. Өнеркәсіпті дамытуға зор үлес қосқандар да құрметтен тыс қалған жоқ. Іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Есен ӨТЕУЛИЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support