Спорт және туризм

Нибали – «Тур де Франц» жеңімпазы

Нибали – «Тур де Франц» жеңімпазы

«Астана» велокомандасының капитаны италиялық легионер Винченцо Нибали «Тур де Францтың» турнирінің төрт кезеңінде жеңіске жетіп, жалпы есепте топ жарды. Екінші орында – франциялық Жан-Кристофф Перо. Францияның тағы бір велошабандозы Тибо Пино жарыс қорытындысында үшінші сатыдан көрінді. «Астана» велоклубының жарқын жеңісі жайлы Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Қайрат Келімбетов Tengrinews.kz. сайтында: «Өздеріңіз білесіздер, 2010 жылы әлемдегі ең үздік велоспортшылардың бірі Альберто Контадор біздің «Астана» велоклубының сапынан шығып, басқа командаға ауысып кетті. Ал 2012 жылдың аяғына қарай Александр Винокуров спорттық карьерасын тәмамдады. Сол кезде біз команданы алға сүйреп, жаңа жеңістерге жетелейтін саңлақ іздедік. Көп таңдап, ұзақ саралап, Италия велоспортшысы Винченцо Нибалиге тоқталдық. Былтыр оны мейлінше шыңдадық. Жоспарлы түрде әрекет еттік. Былтырғы мақсатымыз «Вуэльта» және «Джиро» көпкүндіктерінде жоғары нәтиже көрсету болды. Ол мұратымызға жеттік. Ал биыл «Тур де Францты» ұттық», – деп пікір білдірді.

Ардақ Үсейінова,

«Ақ жол».