Білім

Ұстаздарға ұлықтық жарасады

Ұстаздарға ұлықтық жарасады

Облыс бойынша «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Оны институт директоры Гүлшат Медетбекова ашты. Салтанатта өнерпаздар ән айтып, би биледі. Іс-шара соңында ұлағатты ұстаздар Бибі Сқақова, Камила Бейсекеева Алғыс хатпен, Рабиға Мұсабекова, Данияр Күнтубаев Құрмет грамоталармен марапатталды.

Тараз қаласы.