- Advertisement -

Әлен Жолдасов: Жолдаудан түйгенім — мемлекет еңбекқордың табысын арттыруды көздейді

118

- Advertisement -

Әлен Жолдасов: Жолдаудан түйгенім - мемлекет еңбекқордың табысын арттыруды көздейді

ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат — Еңбек ете білген адамның ешқашан ешкімге есесі кетпек емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына орай өз пікірін білдірген Алматы облысы Панфилов ауданы «Қамқорлық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әлен Әбілмәжінұлы Жолдасовтың ой-тұжырымы осындай.

 

Аталған серіктестік ауданның Үлкеншыған ауылдық округіне қарасты «Қант қызылшасының элиталық тұқымын өндіретін шаруашылық» мәртебесіне ие, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының Жолдауымен танысып шықтық. Осы Жолдаудың «Халық табысының өсуі» атты бірінші бөліміндегі «Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады» деген сөздер көкейіме қона кетті. Президенттің айтып отырғаны рас. Өз кәсібіңнің қыр-сырын жетік меңгеріп, еселі еңбек етсең табысың да тасқындап, пайдаң да арта түспей ме?! Абай атамыздың «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей» дегені де осындайда ойға оралады. Сосын Жолдауда Елбасы агроөнеркәсіп кешенінің әлуетін толық іске асыру керектігін айтып, мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға бағыттау қажеттігін атап өтті.

Дәл осыны біз өз іс-тәжірибемізден жете түйсінгенміз: баршаға мәлім, қант қызылшасы бұрын техникалық дақыл болып есептелсе, қазір стратегиялық өнімге айналды. Бүкіл елімізде жергілікті қызылша тұқымын өсіретін жалғыз ғана шаруашылық болып есептелетін біздің серіктестік он бес жылдан бері Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен және Украинаның биотехникалық қант қызылшасын өсіретін академиясымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді», — дейді серіктестік басшысы.

Оның айтуынша, серіктестік қазір қызылшаның небір түрлерін өсіріп, басқа өңірлердегі маманданған шаруашылықтермен ынтымақтаса еңбек етіп жатыр.

«Соның арқасында қазір елімізге қажетті барлық қант қызылшасы тұқымының 11 пайызын қамтамасыз етіп отырмыз. Алдағы уақытта осы табысымыз молая түсетіні сөзсіз. Өйткені, Елбасының жаңа Жолдауының түп төркіні — біз секілді қарапайым шаруалардың, жалпы халықтың табысын арттыру. Жаңа бағдарлама осы бағытта сенімімізді арттырып, құлшынысты күшейте түсті», — дейді Әлен Жолдасов.

Нұрәділ Бегімбет

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support