- Advertisement -

Біріккен жерде береке бар

114

- Advertisement -

Т.Рысқұлов ауданында жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында елеулі шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Ауданда бүгінде ұсақ шаруашылықтар және жеке тұлғалар біріккен 12 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жұмыс істейді.
Оның төртеуі – ет, екеуі сүт өндірумен шұғылданады. Қазірге дейін ірі қара бордақылаушылар мемлекеттен қойылған кепілдіктеріне қарай алты пайыздық өсіммен жалпы – 450 миллион, ал сүт бағытындағылар 116 миллион теңге несиеге қол жеткізіпті. Кооператив мүшелері бұл қаржыға малмен қатар, сүт салқындататын танкерлер және техника сатып алған. Жабдықтар мен техникаға жұмсалған ақшаның жартысын мемлекет жауып берген.
– Бұрын жеке тұлғалар өсірген малының етін лайықты бағаға өткере алмай қиналатын. Енді бұл мәселе жөнінен алаңдамайды. Семіртіліп, сойылған малдың етін сатумен кооператив жетекшілері шұғылданады, – дейді аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерғазы Еспенов.
Ауданда ісі дұрыс жолға қойылған агроқұрылымның бірі – Қарақыстақ ауылдық округі аумағындағы «Береке» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. Ол – 24 жеке тұлғаны біріктіріп отыр. Кооператив мүшелері 56 миллион теңге несиеге 230 бас өгізше сатып алған. Оларды 4-6 ай бордақылап, сойып, етке өткізеді. «Береке» АШӨК төрайымы Майра Өмірәлиева үйінің ауласында 40 бас бұқашық бордақылауда. Арнайы мал сою орны және бір мезгілде 5 ірі қараның етін сақтай алатын тоңазытқышы бар. Мұнда қол жұмыстарының дені автоматтандырылған. Мемлекеттен алған несиесінің бір бөлігін қайтарған.
– Біз Елбасының қамқорлығына ризамыз. Кооперативке бірігу нәтижесінде көптеген отбасылар мемлекет тарапынан жеңілдіктермен несие алды. Әрі жұмысты, әрі табысты болуда. Келешекте Алматыдан өндірген етімізді өткеретін дүкен ашуды көздеп отырмыз, – дейді Майра Өмірәлиева.

 

Ақылжан Мамыт

Т.Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support