Ғасыр жобасына 35 мың адам қатысып, 4 мың жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған
Ғасыр жобасына 35 мың адам қатысып, 4 мың жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған
Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көліктік дәлізі құрылысының барысы жөнінде есеп беру барысында осылай мәлімдеді. - 2010-2013 жылдар аралығында «Батыс еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің 1 727 шақырым жолын қолданысқа беру жоспарланғанын айта кету керек. Бүгінде оның ел аумақтарындағы басым бөлігінде қозғалыс ашылғандығын ескерсек, келер жылдың соңына дейін біз өзімізге тиесілі телімдерді толығымен іске қосып үлгереміз деп нық сеніммен айта аламыз. Өйткені, қазірдің өзінде халықаралық дәліздің Қазақстан бөлігіндегі 1 345 шақырымы құрылыс жұмыстарымен толықтай қамтылған. Ал құрылыс жұмыстарына жергілікті өңірлердің жұртшылығынан 35 мың адам қатыстырылып, 4 мың жол-құрылыс техникасы жұмылдырылды, - деді вице-министр.
Ақпарат көзі: www.baq.kz