Экономика

Ел бюджеті 278 млн теңгемен толықты

Ел бюджеті 278 млн теңгемен толықты

Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудан ағымдағы жылы еліміздің бюджеті 278 млн теңгеден жоғары соммаға толықтырылды. Ағымдағы жылы алғаш рет әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу 56,7 пайызға жетіп отыр, ал өткен жылдары ол 40-45 пайызға дейін ауытқып тұрған болатын. Бүгінгі күні барлық салынған 47 млрд теңге айыппұлдың 26,7 млрд теңгеден астамы өндіріп алынған. Бұл ретте, ағымдағы жылдың көрсеткіштері салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша өткен жылдың деректерінен 7 млрд астам теңгеден және өндіріп алынған әкімшілік айыппұлдар бойынша 10 млрд теңге көп. Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың елеулі өсуі Ақтөбе (11,5-тен 84,7%), Атырау (32-ден 77,2%), Маңғыстау (13,6-дан 70,3%) облыстарында анықталады. Аталған жұмыстың тиімділігіне көбінесе прокуратура органдарының әкімшілік полиция органдарымен және Сот актілерін орындау жөніндегі облыстық департаменттердің бірігіп жүргізген акциялары мен рейдтары септігін тигізген. Осындай барлық бірлескен шаралардың қорытындысы бойынша ағымдағы жылы еліміздің бюджеті 278 млн теңгеден жоғары соммаға толықтырылды. Ақпарат көзі: www.baq.kz