- Advertisement -

Нурмагомедов — Макгрегор: Билет сатудан қанша ақша түсті

91

- Advertisement -

Нурмагомедов - Макгрегор: Билет сатудан қанша ақша түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат — Абсолютті ержүректер чемпионатының (UFC) президенті Дэйна Уайт Лас-Вегастағы Т- Mobile Arenaда болған  UFC 229 турнирінен түскен табыс жайлы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Билет сатудан түскен кіріс 17,2 миллион долларды құрады. Ал аренада 20034 көрермен отырған.

Еске сала кетсек, турнирдегі басты оқиға Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегордың айқасы болды. Онда  ресейлік төртінші раундта ирландиялықты қылқындыру әдісімен жеңген еді.

Егер бұл аралас жекпе-жек кешінде сатылымнан түскен кірісті 15 қыркүйекте осы  T-Mobile Arenaда болған Геннадий Головкин — Сауль Альварес II  айқасымен салыстырар болсақ, онда 23,47 миллион доллар  (касса арқылы 16 732 билет сатылған) түскен еді.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support