- Advertisement -

Бердібек Сапарбаев: Ақтөбе облысында тариф орынсыз өспейтін болады

86

- Advertisement -

Бердібек Сапарбаев: Ақтөбе облысында тариф орынсыз өспейтін болады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат — Ақтөбе облысында келесі жылдан бастап орынсыз тариф өсімі болмайды, деп мәлімдеді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Инвесторлар кəсіпорындарды басқаруды өз қолдарына алған кезде белгілі бір құралдарды дамытуға қаражат салу бойынша инвестициялық міндеттерді өз мойындарына алуы тиіс. Алайда, олар бұл сомалардың барлығын тарифтерге қосады. Осының салдарынан тарифтер 10-20 процентке өсіп жатыр. Біз өз шарттарымызды қоюымыз керек. Егер кәсіпорынды алатын болса, өз міндеттерін тарифтерге тиіспей орындаулары қажет», — деді Б.Сапарбаев ҚР Президенті Жолдауын талқылау бойынша актив отырысы барысында.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік органдардың басшыларына тарифтердің неліктен орынсыз өсіп жатқанына талдау жасауды тапсырды.

«Келесі жылдан бастап тарифтердің орынсыз өсімі болмайды. Инвесторлар тарифтерді көтермеулері тиіс. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласы ПИК жұмыстарын қайта қарау қажет. Олар тарифтерді қаншаға көтергенін есептеу керек. Үйлерді қамтамасыз етуге, ПИК штатына қанша қаражат қажет?» — деді әкім.

Сондай-ақ, Б.Сапарбаев Мемлекет басшысының Жолдауындағы азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған негізгі ережелер туралы айтты.

38 мың ақтөбеліктің, соның ішінде бюджет саласында жұмыс істейтін  19 мың қызметкердің жалақысы 28 мыңнан 41 мың теңгеге дейін өсірілмек. Осыған байланысты әкім басқармалардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына келесі жылы ең төменгі жалақыны өсіру үшін қор жинақтауды тапсырды.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support