Жаһан

Елордада алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арба биі халықаралық турнирі өтті

Елордада алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арба биі халықаралық турнирі өтті

Астанада алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арбада отырып, би билеуден халықаралық турнир өтті. «Қазақстан Оупен-2014» байқауына жерлестерімізден бөлек Ресей, Беларусь, Тайланд, Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореядан бишілер қатысқан. Спортшылардың арасында Азия, Еуропа және Әлем чемпиондары бар. Олар соло, комби және дуо аталымдары бойынша бақ сынасты. Айта кетейік, өнер додасына қатысқан 30-ға жуық бишінің тең жартысы - отандастарымыз. Елімізде спорттық бидің бұл түрі 2010 жылдан бастап дамыған. Соған қарамастан, қазақстандық спортшылар бірнеше жылдың ішінде жақсы көрсеткіштерге жетті. Осылайша биылғы сайыстың соло аталымы бойынша жерлесіміз Айгүл Балмағамбетова алтын жүлде арқалады. Сондай-ақ байқау жүлдегерлері Оңтүстік Кореяда өтетін Азия паралимпиадасына жолдама алады. «Бұл шара дәстүрге айналады деп ойлаймыз. Бұл үлкен жарыс біздің қазақстандықтардың паралимпиадаға ұмтылысына үлкен үлес қосуда. Біздің ойымызша, арбадағы биге көп қазақстандық қызығады», - дейді ҚР Ұлттық паралимпиада комитеті ұйымдастыру бөлімінің сарапшысы Ерназар Бексұлтанов.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz