- Advertisement -

Елжан Біртанов: Медициналық қызмет сапасы бірінші кезекте стандартқа сай болу керек

113

- Advertisement -

Елжан Біртанов: Медициналық қызмет сапасы бірінші кезекте стандартқа сай болу керек

АТЫРАУ. ҚазАқпарат — ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов облыстағы бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іссапар барысында Махамбет ауданының орталық ауруханасына барып, жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар, Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде және облыстық аурухана мен онкологиялық диспансерде болды. Медициналық нысандармен танысу барысында облыста жетіспейтін дәрігер мамандарды іздестіруді, ауруханаларды керекті заманауи құрылғылармен жабдықтауды тапсырды.

Елжан Біртанов: Медициналық қызмет сапасы бірінші кезекте стандартқа сай болу керек
Елжан Біртанов: Медициналық қызмет сапасы бірінші кезекте стандартқа сай болу керек

«Келгендегі мақсатымыз — алдымен, облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарының жағдайын көзбен көріп, танысу. Екіншіден, дәрігерлерге, халыққа арналған  Үкімет тарапынан құрылып жатырған жоспарларды жүзеге асыру. Барлық өңірде медициналық қызмет сапасы алдымен стандартқа сай болу керек. Жедел-жағдайда арнайы құрал-жабдықтар мен мамандардың дайындығы басты рөл атқарады. Облыстық, жергілікті әкімшіліктер, құзыретті органдар өңірдегі медициналық нысандардағы барлық талаптарды стандарттауға уәде берді. Жұмыс нәтижелі болады деп сенемін»,-дейді министр.

Айта кету керек, 4-5 қазан аралығында Атырау облысында «Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру» атты өңіраралық конференциясы өтуде. Шара аясында өңірлердің көрмесі: инфрақұрылым, оның ішінде МЖӘ жобалары, денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру (Startup), медициналық көмекті ұйымдастыру (Триаж жүйесі), медициналық білім беруді жаңғырту тақырыптары талқылануда.

Елжан Біртанов: Медициналық қызмет сапасы бірінші кезекте стандартқа сай болу керек

Аталмыш конференция Атырау облысындағы денсаулық сақтау саласына жаңа бағыттар енгізуге және заманауи денсаулық сақтауды дамытуға мүмкіндік береді.

Елжан Біртанов: Медициналық қызмет сапасы бірінші кезекте стандартқа сай болу керек

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support