Жаңалықтар

Таразда ұрланған 27 телефон шетелдікке сатылған

Таразда ұрланған 27 телефон шетелдікке сатылған

Телефондардың нарықтағы құны шамамен 700 мың теңгені құрайды. Таразда ұялы телефон ұрлап, сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Меркі ауданында Қырғызстанның 28 жастағы азаматы ұсталып, одан жаңа модельдегі 27 ұялы телефон тәркіленген. Телефондардың нарықтағы құны шамамен 700 мың теңгені құрайды. Тергеу кезінде Қырғыз Республикасының азаматы гаджеттерді Таразда сатып алғанын мәлім етті. Смартфондарды саудалаған Тараздың 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол облыс орталығындағы «Чайка» дүкенінің маңында ұялы телефондарды сатып алумен айналысқан. Жігіт қырғызстандық клиентке 27 телефон сатқанын растады, бірақ мобильдік құрылғылардың құжаты болмай шықты.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

zaokon.kz