Мемлекет басшысы Винченцо Нибалиді «Тур де Франс» жарысындағы жеңісімен құттықтады

52

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тур де Франс» көпкүндік жарысындағы жеңіске орай «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибалиге құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан Президенті әлемнің үздік кәсіпқой велошабандоздарының бәсекесіне қазақстандықтар бір ай бойы куә болғанын айтты.

«Сіздің еңбегіңіз бен жеңіске деген жігеріңіз барлық кезеңде біздің велокомандаға Қазақстанның спорттық жетістіктерін тағы да танытуға мүмкіндік берді», — делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы спортшыға және бүкіл «Астана» командасына велоспорттың басты жарыстарында топ жару жолындағы жемісті еңбек пен жанкешті күрес үшін ризашылық білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Винченцо Нибалиге мықты денсаулық, бақ-береке, жаңа жеңістер мен спорттық жетістіктер тіледі.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Comments are closed.