- Advertisement -

Қайырымды жандар жеткіншектерді қуант ты

169

- Advertisement -

Балалардың жанашыры болып, сауапты іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Әлбетте, балаларды қуантқанға не жетсін! Меркі ауданы Тәтті ауылындағы М.Мәметова атындағы №13 орта мектептегі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысқан азаматтар қуаныштың төресі де осы дейді.
Жыл сайын ұйымдастырылатын қайырымдылық шарасы биылғы оқу жылында «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өтуде. Акция аясында ауыл тұрғындары Каделя Узбекова мен «Сангар-С» ЖШС жетекшісі Кенжебай Жаркайұлы материалдық жағынан аз қамтылған отбасылардың оқушыларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар табыс етті. Игі іске, сонымен қатар мектеп ұстаздары да атсалысты. Олардың қатарында Өмен Дәлібаев, Олжас Халықов сынды мұғалімдер бар.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, акцияға қатысып, адамгершіліктің үлгісін көрсете білген барша жандарға алғысымызды білдіреміз.

Шолпанай БЕКБЕРГЕНОВА,
№13 М. Мәметова атындағы мектептің әлеуметтік педагогі.

Тәтті ауылы,
Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support