- Advertisement -

ОҚЫРМАНҒА СӨЗ

194

- Advertisement -

«Аq jol»-дың
бағасы өзгеріссіз қалды

Облыстың бас басылымы – «Aq jol» газетіне алдағы 2019 жылға жазылу басталды, қадірлі оқырман! Күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары сәт сайын қымбаттап жатқанда жазылым бағасы өзгеріссіз қалды. Мұны басылым оқырмандарына деген жанашырлық деп түсінген абзал.
Ғасырға жуық тарихы бар газетіміз қашанда өзінің елдік пен ерлікті, бірлік пен тірлікті насихаттайтын бәтуәлі бағыт-бағдарынан айныған емес. Мемлекет басшысының жүргізіп отырған сарабдал саясатын қолдауда, Үкімет бағдарламаларын жұртқа жете түсіндіруде және облыс әкімінің өңір экономикасын өркендету мен қалаларын көркейту жолында атқарып жатқан қажырлы еңбегін нөмір сайын жариялап келеді.
Газеттің алтын діңгегі – оқырман. Сондықтан да ауыл-аймақтағы, қала-кенттердегі оқырмандарымызға арқа сүйейміз. Оларды толғандырған мәселе газет бетінде алдағы уақытта да тұрақты түрде жариялана береді. Авторларымыз бен штаттан тыс тілшілеріміздің хаттары да назардан тыс қалмайды. Басылым тілшілері де жан жадыратар жақсы тірлікті және өзекті мәселені үздіксіз жаза береді. Арнайы беттер мен облысымыздың атын кең-байтақ қазақ еліне, әлемге танытқан жерлестеріміз туралы тұшымды дүниелер алдағы жылы да жалғасын табады.
Ақпараттық заманның жаңа талабына сай оқырман талғамы да арта түсетінін білеміз. Сондықтан газеттің форматы мен дизайні де жаңарады.
Мақсат – оқырман көңілінен шығу. Сондықтан, құрметті оқырман, Сіздерді 2019 жылы да өздеріңіздің сүйікті газеттеріңізден қол үзбейді деген сенімдеміз.

“Қазпошта” байланыс бөлімшелерінде:

Заңды тұлғалар үшін

Ауылдағы кәсіпорындар
мен ұйымдарға:

6 айға – 3246,48 теңге
1 жылға – 6492,96 теңге
Индексі 15457

Тараз, Қаратау, Жаңатас,
Шу қалалары бойынша

6 айға – 2911,32 теңге
1 жылға – 5822,64 теңге
Индексі 15457
Жеке тұлғалар үшін

Ауыл
тұрғындарына:

6 айға – 2996,46 теңге
1 жылға – 5992,92 теңге
Индексі 65457

Тараз, Қаратау, Жаңатас,
Шу қалалары бойынша

6 айға – 2661,30 теңге
1 жылға – 5322,60 теңге
Индексі 65457

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support