Үш күміс, төрт қола жүлде бұйырды
Үш күміс, төрт қола жүлде бұйырды
КСРО-ның спорт шебері Бақыт Тәшметовті еске алуға арналған дзюдо күресінен жасөспірім ұл-қыздар арасындағы дәстүрлі халықаралық турнир өтті. Айтулы аламанға Ресей Федерациясы, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасынан және еліміздің әр қиырынан 447 спортшы қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Дзюдошылар додасында облысымыздың атынан 74 саңлақ сынға түсіп, олардың бірқатары жүлдегер атанды. Атап айтқанда, бәсекеде 46 килограмм салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Ислам Төлеміс пен 55 килограмм салмақтағы Дәурен Қайратұлы тек финалдық белдесуде ғана жеңіліс тауып, күміс жүлдегер атанды. Құрдастарының жетістігін қайталаған 57 килограмм салмақтағы Сандуғаш Сейдіш те күмістен алқа тағынды. 46 килограмм салмақ дәрежесіндегі Еркебұлан Жұманәлі, 50 килограмм салмақтағы Нұрқанат Серікбай, 73 килограмм салмақтағы Алмас Уәли, 52 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен Аружан Адасхан секілді спортшыларымыз үшінші орынды қанағат тұтты. Осылайша халықаралық турнир жас дзюдошыларымыз үшін табысты аяқталды. Облыстың ұлдар құрамасына Оразәлі Ермекбай жетекшілік етсе, қыздарымызды Фарида Тастекова жаттықтырғанын айта кеткен жөн. Табиғат АБАИЛДАЕВ.