Әлем күткен айқас жақын

90

Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор арасындағы
жекпе-жекті «Qazaqstan» телеарнасы көрсетеді

Аралас жекпе-жек түрлерінің ең танымал спортшысы ирландиялық Конор Макгрегор мен ресейлік Хабиб Нурмагомедов арасында өтетін мега шайқасқа санаулы күн қалды. Жетінші қазан күні таңғысын екі мықты сегіз бұрыштың ішінде жеңіл салмақтың жүйрігін анықтайды.
Бұл кездесуді жанкүйерлер ұзақ уақыт күткені жасырын емес. Әйткенмен кәсіпқой боксшы кіші Флойд Мейвезермен бокс ережесіне сай жұдырықтасқан соң Конор сегіз бұрышқа оралмаған болатын. Енді, міне, ең мықты сайыпқыранға қарсы күшін байқап көрмек.
UFC-229 шоуының басты жекпе-жегінде бақ сынайтын Конор да, Хабиб те бір-бірін қырып-жоямыз деп уәдені үйіп-төкті. Тіпті баспасөз мәслихаттарында алабөтен мінез көрсеткен Конор Макгрегор қарсыласының жүйкесіне ши жүгіртумен келеді. Алайда Хабиб кей сәттерде сабырлылық танытып отыр. Аралас жекпе-жек тарихында жеңілістің ащы дәмін татпаған Хабиб Нурмагомедов қарсыласынан басым түсетініне бек сенімді. Не болса да жетінші қазанда көреміз. Осынау шайқаста Хабиб жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды.
Бұл шоуды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді. Америкада, Лас-Вегаста өтетін кездесу көрсетілімі сағат 07.50-де басталмақ. Негізгі шайқас сағат шамамен 10.00-ге жоспарланған.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.