- Advertisement -

Үндістан, Ресей және АҚШ селфи кезінде қаза тапқандардан көш бастап тұр

113

- Advertisement -

Үндістан, Ресей және АҚШ селфи кезінде қаза тапқандардан көш бастап тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат — Үндістан, Ресей және АҚШ селфи кезіндегі оқыс оқиғалар салдарынан қаза тапқандар саны бойынша көш бастап тұр. Бұл туралы сәрсенбі күні CNN телекомпаниясы Journal of Family Medicine and Primary Care басылымында жарияланған баяндамаға сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баяндаманы Бүкілүндістан медицина ғылымдары институтының (AIIMS) маманы әзірлеген. Ол 2011 жылдың қазанынан 2017 жылдың қарашасына дейін әлемде 259 адамның селфи түсіріп жатып, мерт болғанын  анықтаған. Үндістанда осы кезеңде 159 адам қаза тапқан. Одан кейінгі орындарда осы көрсеткіш бойынша Ресей, АҚШ және Пәкістан тұр.

Баяндамада аталып өтілгендей, әлемдегі көз жұмғандардың басым бөлігі (72%) — жасы 30-дан төмен ер адамдар. Әйелдер ерлерге қарағанда көп селфи жасағанымен, олар қауіп-қатерге бой алдырмайды. Мысалы, шың басында немесе мұнараның ең биік төбесінде суретке түсе бермейді. Оның авторлары селфиге тыйым салынған орындарды ұйымдастыруға шақырып жатыр.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support