WhatsApp қолданушыларын жарнама пайда болады деп ескертті
WhatsApp әлеуметтік желісінің жаңартылған нұсқасында жарнама пайда болады. Енді мессенджер қолданушылары оны 24 тәулікке дейін сақталатын сурет пен видео арасынан көре алады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Российская газета» басылымына сілтеме жасап.
Желі қолданушыларына бұл жаңалықты WABetaInfo компаниясының инсайдерлары, iOS қосымшасында жарнама пайда болады деп хабарлаған еді.
Сондай-ақ, басылымның мәліметінше WhatsApp жарнаманы белсенді түрде шығаратын Facebook әлеуметтік желісінің меншігінде екен.
Comments are closed.