Қазақстандық боксшылардың WBA-дегі рейтингі анықталды

158
Қазақстандық боксшылардың WBA-дегі рейтингі анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның кәсіпқой боксы» ВКонтакте әлеуметтік желісінде жазуынша, бірінші ауыр салмақтағы боксшы Иса Ақбербаев (20-0, 15КО) өз дивизионында 14-інші орынды сақтап қалды.

Орта салмақтағы Геннадий Головкин (38-1-1, 34КО) Сауль Альварестен жеңілгеннен кейін рейтингтің екінші сатысына орналасты. Бірінші орында Давид Лемье тұр.

Ал бұған дейін жартылай орта салмақ санатында 13-інші позицияны иеленіп келген Жанқош Тұраров (22-0, 15КО) ТОП-15-тен шығып қалды.

Еске салайық, бірінші орта салмақта өнер көрсететін Қанат Ислам (25-0, 20КО) WBA-дің өткен айдағы рейтингінен шығып қалған болатын

 

kazinform.kz

Comments are closed.