- Advertisement -

Табиғат жыршысы

826

- Advertisement -

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру аясында өңірдің мәдениет саласында да атқарылып жатқан шаруа аз емес. Соның бір дәлелі – облыстық көрме залында суретшілердің жеке шығармашылық көрмелері тұрақты өте бастағаны.
Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, суретші Владимир Матюшковтың есімі өңірімізге кеңінен таныс. Ол – көптеген республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері. Республикалық, халықаралық деңгейдегі көрмелерге қатысып жүрген қылқалам шебері. Суретші жеке шығармашылығына 60 жыл толуына орай облыстық көрме залында шығармашылық көрмесін өткізді.
Шара барысында облыстық тарихи-өлкетану музейі көрме залы меңгерушісінің міндетін атқарушы Лаура Байтұрсынова, Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедектер мен қарттарға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Мағрипа Раптаева сөз сөйлеп, суретшіге шығармашылық табыс тіледі. Қылқалам шеберінің көршісі Латипа Әлиева жылы лебізін білдірді.
В.Матюшков жеке шығармашылық көрмесіне 80-ге жуық картинасын ұсыныпты. Негізінен табиғат (пейзаж) көріністері, жыл мезгілдері бейнеленген. Автор бейнелеу өнерінің көмегімен көпшілікті қазақ елін, салт-дәстүрін құрметтеуге, отансүйгіштікке, патриоттыққа шақырады.
Көрмеге ұсынылған әр картина сөйлеп тұр. Көктем, күз мезгілдері, құмырадағы гүлдер, жапырағын жайған талдар алыстан көз тартады. Қазақы ауыл, киіз үй, қайнаған қазан, самаурын, қызғалдақ гүлдер, жайылған мал көңіліңді жайлауға жетелейді. Күзгі бұлақты, саябақты да суретші қылқалам тілінде сөйлете біліпті.
– Өмірімді суретшілікпен ғана елестете аламын. Жастарды отаншылдыққа, патриоттыққа шақыруды мақсат тұтамын. Суретшінің мақсаты – көпшілікке ой салу, – дейді суретші В.Матюшков.

 

Есет ДОСАЛЫ

Тараз қаласы.

Суреттерді түсірген Ақәділ рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support