Головкин жаттығу кезінде Гроувздың қабырғасын сындырды
Головкин жаттығу кезінде Гроувздың қабырғасын сындырды
Орта салмақта WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин жаттығулардағы спаррингтік кездесулердің бірінде 26 жастағы боксшы Джордж Гроувздың қабырғасын сындырды, деп хабарлайды Аllboxing.ru. «Бұның алдында хабарланғанындай, Дэниэл Гилмен болатын жекпе-жектің қарсаңында Геннадий Головкин екінші орта салмақта өнер көрсететін әлем чемпионы титулының бұрынғы үміткері Джордж Гроувзбен бірге спаррингке шығып отырған болатын. Солардың бірінде Гроувздың қабырғасы сынды», - делінеді хабарламада. Айта кету керек, 20 қыркүйекте Гроувз WBC нұсқасы бойынша жекпе-жекке шығу керек. Бұл жарақат алдағы жоспарланған кездесуге қалай әсер ететіндігі белгісіз. 27 шілде күні Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында Астана уақыты бойынша сағат 08:00-де Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил арасында жекпе-жек өтеді. Тікелей эфирде бұл кездесуді KazSport пен Қазақстан телеарналары көрсетеді. Ақпарат көзі: www.kazinform.kz