- Advertisement -

Головкиннің бапкері жанкүйерлердің сынына жауап берді

82

- Advertisement -

Головкиннің бапкері жанкүйерлердің сынына жауап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес GGG-ге жаңа бапкер керек деген сыншыларға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мұны айтқан адамдар ешқашан бокстасып көрмеген. Біз рингте залда жасағанды көрсетеміз. Мен әлемнің 18 чемпионын тәрбиеледім. Мен — залда бір мезгілде екі әлем чемпионы — Головкин мен Гассиевті жаттықтырған жалғыз бапкермін. Қазір менімен тағы екі әлем чемпионы жұмыс істеп жатыр. Сондықтан, мұндайды есту мен үшін ақылға қонбайды…Менде жеңілістер сериясы болғанын айтып жатыр. Егер екі жеңіліс бұл серия болса, онда — иә. Оның үстіне, екі үлкен жекпе-жекте. Құдайым-ай, олар не деп жатыр!», — деді Санчес.

Еске салайық, Головкин мексикалық боксшы Сауль Альварестен жеңілгеннен кейін орта салмақтағы WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтарынан айырылды. Ал оның алдында міндетті жекпе-жектен бас тартқаны үшін IBF белдігін жоғалтқан болатын.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support