- Advertisement -

Астанада этноүлгідегі киімдердің халықаралық марафоны өтеді

92

- Advertisement -

Астанада этноүлгідегі киімдердің халықаралық марафоны өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астанада II Халықаралық этникалық сән марафоны өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Шара ұйымдастырушысы — Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының  мәліметінше, марафон мақсаты — этноүлгі бағытында жұмыс істейтін дизайнерлердің басын біріктіру.

II Халықаралық этникалық сән марафонына жас дизайнерлер, құрылымдаушы-сәнгер мамандығы бойынша білім алып жатқан жоғары және кәсіби техникалық оқу орындарындағы студенттер, этномәдени бірлестіктер мен бизнес өкілдері, сондай-ақ кез келген қызығушылық танытқан азаматтар қатыса алады.

Сәндік марафон аясында бірегей қолөнер бұйымдарының көрмесі мен қолөнершілердің шеберлік сабақтары өткізіледі.

Атап өтілгендей, ұлттық киімдер көрсетілімі екі топқа бөлінген: күнделікті және сахналық. Дизайнерлерге өз туындыларын таныстыруға 10 минут беріледі.

Марафон жеңімпаздары бағалы жүлделермен және дипломдармен марапатталады.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support