- Advertisement -

Үш күн бойы үйінділер астында қалған бірнеше адам құтқарылды

111

- Advertisement -

Үш күн бойы үйінділер астында қалған бірнеше адам құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Индонезияның төтенше жағдайлар қызметі үш күн бойы жер сілкінісі салдарынан қираған үйінділер астында қалған бірнеше адамды құтқарды, деп жазады Jacarta Post газеті.

Жұма күні Сулавеси аралы жағалауында Палу қаласына жақын маңда магнитудасы  6,1-ге тең жер сілкінісі болды.  

Бұдан кейін осы аумақта тағы бір магнитудасы 7,4-ке тең жер сілкінді.

Іздеу-құтқару басқармасының (Basarnas) хабарлауынша, Нурул есімді әйелді  дүйсенбіге қараған түні Палудағы Балароада ауданы аумағында тұрғын үй кешені үйінділерінің астынан шығарып алған. Тағы бір Алфрида есімді зардап шеккен жанды қираған мейрамхана астынан тапқан.

Мәліметтерге қарағанда, апат болған аудандардан тағы бірнеше адам құтқарылған.

Қазіргі таңда жер сілкінісі құрбандарының саны 1,2 мың адамнан асып отыр.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support