Brent мұнайының бағасы 85 долларға жуықтады

101
Brent мұнайының бағасы 85 долларға жуықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларындағы дүйсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда-саттық нәтижесі бойынша, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің желтоқсандағы жеткізілім құны Лондондағы ICE Futures биржасында 2,29 долларға өсіп, бір баррельдің бағасы 84,98 долларды құрады.  

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің қарашадағы жеткізілім құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 2,05 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 75,3долларға жетті.

 

kazinform.kz

Comments are closed.