- Advertisement -

Қазақстандық боксшы Ержан Залилов қарсыласын уақытынан бұрын жеңді

132

- Advertisement -

Қазақстандық боксшы Ержан Залилов қарсыласын уақытынан бұрын жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық боксшы Ержан Залилов кәсіпқой рингтегі 11-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы боксшы өзінің Инстаграм парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 жастағы қазақстандықтың қарсыласы — 38 жастағы ресейлік боксшы Александр Салтыков болатын. Жекпе-жек Ресей астанасы Мәскеуде өтті. Кездесу 8 раунд деп жоспарланған болатын. Алайда, төртінші раундтан кейін Салтыков айқасты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, қазақстандық 11-ші мәрте жеңіске жетті. Оның бесеуі — мерзімінен бұрын жеткен жеңістер.

Одан бөлек, Залилов бокстағы мансабында бір рет жеңіліп, бір рет тең түскен болатын. Ал Салтыковтың қоржынында 12 жеңіс, 55 жеңіліс бар.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support