- Advertisement -

Елорданың мектеп оқушыларына жолақы жеңілдігі тағы да ұзартылуы мүмкін

128

- Advertisement -

Елорданың мектеп оқушыларына жолақы жеңілдігі тағы да ұзартылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Астана LRT» компаниясы қалалық қоғамдық көліктерде оқушыларға арналған жолақысын 40  теңге көлемінде төлеу уақытының ұзартылуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тасымалдаушылардың шешімімен 1 қазанға дейін ұзартылған болатын. Дегенмен, бұл мәселе тағы бір мәрте қаралмақ. Себебі, 161 мың оқушыға 130 мың мектепке арналған жол жүру билеті берілген. Оның ішінде 22 мың бірінші сынып оқушысының 7 мыңнан астамы ғана алған. Бұл мәселе төңірегінде дүрбелең тумауы үшін оны үнемі бақылауға алып отырмыз және 1 қазанға дейін уақыт берілген. Таяу уақытта нақтылайтын боламыз және мерзім ұзартылуы да ықтимал», — деді — «Астана LRT» ЖШС басқармасы төрағасының орынбасары Бейбіт Есжанов елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін де елордада оқушыларға қоғамдық көліктерде жүру ақысын қолма-қол 40 теңгеден төлеу 15 қыркүйекке дейін ұзартылған болатын. Алайда, барлық оқушылардың бірдей жол жүруге арналған карта алмауына байланысты қоғамдық көліктің жол ақысына жеңілдік 1 қазанға дейін ұзартылған еді.

kazinform.kz

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support