- Advertisement -

Н.Назарбаев Алжир Президентіне «Алжир әуе жолдары» ұшағының апатына байланысты көңіл айтты

50

- Advertisement -

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алжир Халық Демократиялық Республикасының Президенті Әбдел Әзиз Бутефликаға «Алжир әуе жолдары» ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта «Алжир әуе жолдары» компаниясы ұшағының апатынан көп адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Қазақстан халқы және жеке өз атымнан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Алжир халқына шын ниетпен көңіл айтамын», — делінген жеделхатта.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support