Жамбылда не жаңалық?

Сарысу

Сарысу

Саудакент ауылындағы Ә.Әбдіхалықов атындағы Мәдениет үйінде «Саудакент ауылдық аула клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Маусымашар - 2» көңілді тапқырлар сайысы өткізілді. Сайыс қорытындысында Б.Адамбаев орта мектебінің «Саудакент жастары» командасы бас жүлдені иеленіп, ауыспалы кубокты ұтып алды. Ал, бірінші, екінші орындарды тиісінше «С.С.С», «Ұят болмасын» және «Аула клуб жастары» командалары өзара бөлісіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.