Жамбылда не жаңалық?

Меркі

Меркі

Ауданда сүт қабылдау пункттері ашыла бастады. Меркі май-ірімшік зауыты 35 миллион теңге жұмсап, Ұлттық компания АҚ «Тараз» ауылдық кәсіпкерлік корпорациясынан 10 жылдық несиеге 6,7 пайызбен 7 сүт қабылдау пункті жайын лизингке сатып алды. Әзірге, Ақермен, Аспара, Ақарал, Меркі, Ойтал ауылдарынан ашылған ыңғайлы жасалған бұл жайда сүт арнайы цистернаға құйылып сақталады. Мұздатқышы, зертханасы бар.