- Advertisement -

«Ұлы дала рухы»:

163

- Advertisement -

Жамбылдық спортшылар жеңімпаз атанды

Астана төрінде қазақтың ұлттық ойындары ұлықталған «Ұлы дала рухы» фестивалі ұйымдастырылды. Аталмыш фестивальға еліміздің барлық облыстарының кіл мықты спортшылары қатысып, жеңіске жету жолында аянып қалған жоқ. Бұл додаға жамбылдық жампоздар да аттанған болатын. Ұлттық спортты біркісідей меңгерген жерлестеріміз республикалық фестивальда жасындай жарқырады.
Басқаны былай қойғанда, қазақ елі, оның ішінде жамбылдық жанкүйерлер үшін көкпардың жөні бөлек екені айтпаса да түсінікті. Талай сом білекті батырлар шыққан өңірдің көкпаршылары бұл сында да сүрінбей, жеңістің ең биік тұғырынан көріне білді.
Шешуші ойын-дардың бірінде Алматы облысының командасымен кездескен жерлестеріміз 16:2 есебімен айқын басымдық танытып, жанкүйерлерін желпінтіп тастады. Осындай жарқын жеңістен кейін жамбылдықтардың топ жармасқа амалы да жоқ еді. Финалдық кездесуде тағы бір мықты ұжым Маңғыстау облысының командасы күтіп тұрған болатын. Бұл ойында да жамбылдықтардың жұлдызы жанды. Қарсыластарын 18:2 есебімен тас-талқан етіп жеңген жерлестеріміз топ жарды.
Асық ату ойынынан өткен жарыста да жамбылдықтардың мерейі үстем болды. Ақтөбе облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Астана қаласының командаларынан айласын асырды. Асық ату жарысында Райымбек Кенжебай, Олжас Мейірбек, Ерсұлтан Кемпірбай, бес тас спортынан Аружан Хабибулла, Даяна Жәнібек облыс намысын қорғағанын айта кеткен жөн. Спортшыларды Еркебұлан Әбдіров, Дана Галиакпарова сынды жаттықтырушылар бастап барған екен.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support