Жалаңаш суретін желіге салған жеткіншектер жазаға тартылады
Жалаңаш суретін желіге салған жеткіншектер жазаға тартылады
«Порно кек алу» үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заң жобасын талқылау барысында Ұлыбритания полициясы жеткіншектердің жалаңаш суреттерін немесе видеосын желіге салғандар, тіпті оны жеткіншектің өзі салса да, қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді. Ұлыбритания заңы енді сексуалдық мінездегі қылмыс жасаған тұлғаларды жасына қарай бөлмейтін болды. Жергілікті полиция мектеп оқушылары мен оқытушыларына келесі хабарламаны үлестірді: әлеуметтік желіге кездейсоқ түскен суреттің өзі қылмыстық жауапкершілікке тартқызып, балалар қылмысы туралы статистикаға үлкен салмақ салуы мүмкін.