Мали президенті Air Algerie ұшағы құлаған аумақты өзі қарап шықпақ
Мали президенті Air Algerie ұшағы құлаған аумақты өзі қарап шықпақ
Мали президенті Ибрагим Бубакар Кейта 24 шілде күні Буркина-Фасомен шекара маңында апатқа ұшыраған Air Algerie әуе компаниясы ұшағының сынықтары табылған жерге барады. Лайнердің сынықтары Гао елді мекені аумағынан табылған. Ұшақтың апатқа ұшыраған орны туралы бұған дейін басқа ақпарат тараған болатын. Бейсенбі күні Кейта саяси, діни және қоғамдық көшбасшылардың отырысын өткізіп, лайнер Агельхок (Аюэльок) және Кидаль қалаларының арасында құлағанын жария еткен.