Украина премьер-министрі отставкаға кетті
Украина премьер-министрі отставкаға кетті
Украина премьер-министрі Арсений Яценюк отставкаға кетті.
Мұндай шешімге Жоғарғы Раданың таратылуын көздеген «Свобода» мен УДАР партиялары парламенттік фракцияларының «Еуропа таңдауы» парламенттік коалициясынан шығатындарын мәлім етуі түрткі болды. Рада спикері Александр Турчиновтың айтуынша, енді «Свобода» мен УДАР «техникалық» премьердің жаңа кандидатурасын өздері ұсынулары керек. Украинаның VII шақырылым парламенті 2013 жылдың 28 қазанында өткен сайлау нәтижесі бойынша құрылған.