Қазақстанда биылғы жылы 34 мың 165 мемлекеттік білім гранты бөлінді
Қазақстанда биылғы жылы 34 мың 165 мемлекеттік білім гранты бөлінді
Қазақстан жоғары оқу орындарының білім гранттарына өтініштер қабылдау басталды.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде кешенді тестілеу қорытындыларына байланысты өткен брифинг барысында Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлім етті. Еске сала кетсек, биылғы жылы мемлекеттік тапсырыстың көлемі 34 мың 165 грантты құрайды. Оның ішінде күндізгі оқыту нысаны бойынша 31 мың 135 грант болса, қысқаша оқыту гранты - 500, дайындық бөліміне 2530 грант бөлінген. Осы гранттар 31 шілдеге дейін өтініштерін тапсырған талапкерлер арасында республикалық конкурс арқылы айқындалады.