Тобылғы сай
Тобылғы сай
Әні: Мельс Өзбековтікі Сөзі: Төлеу Үшқоңыровтікі
Манаурап тау үстінен көрінсе Ай, Бір сезім тербетеді көңілді жай. Ән кернеп жас жанымды мазалайды, Тартады мені өзіне Тобылғы сай.
Қайырмасы: А-ай, жұлдызымсың нұрын шашқан, Әнімсің, айналайын, Тобылғы сай.
Сылдырап тау астынан ағады өзен, Кеудемді кернеп менің барады өлең. Ең алғаш бақыт таптым бір өзіңнен, Құлағым сен дегенде қағады елең.
Сайыңның жұпар гүлін тергем талай, Айғанмен қол ұстасып алтын арай. Өзіңмен махаббатым шоқ боп жанған, Айналдым, қуанышым – Тобылғы сай.