Әдебиет

Шерхан Мұртаза

Шерхан Мұртаза

Сен Жел құсап Есіп сөйлемейсің. Сен Қылыш құсап Кесіп сөйлейсің. Сен Көктегі бұлттардай Көшіп сөйлемейсің. Сен Сеңдер соқтығысып жатқан Асау ағысқа Омыраулап кіріп Кешіп сөйлейсің. Сен кейде Жауға соғыласың. Жау да теңселеді. Сен де теңселесің. Сен кейде Тауға соғыласың Тау да теңселеді, Сен де теңселесің. Опасызды көріп Күйініп тұрасың. Сондай кездерде Жұдырықтай түйіліп, Қаршығадай Шүйіліп тұрасың. Ессізді көргенде Ашудан Қабынып кетесің. Толқын ұрған жартастай Тас-талқан боп Жарылып кетесің. Халқың сені Арда туған Арысым дейді. Жонына қол тигізбейтін Барысым дейді. Шерхан Мұртаза!  

Темірхан Медетбек.