БҰҰ: Әлемдегі ең дамыған ел - Норвегия
БҰҰ: Әлемдегі ең дамыған ел - Норвегия
Адам әлеуетінің даму индексі бойынша 187 елдің ішінде Норвегия 1-орында қалды. Бұл есепті бейсенбі күні БҰҰ жариялады.
Кипр мен Сауд Арабиясының арасына жайғасқан Эстония 33-орында, Финляндия - 24-орында, Литва - 35-ші, Латвия - 48-ші, Ресей - 57-орында.
Бастапқы 49 орында даму деңгейі өте жоғары елдер орнықты.
БҰҰ (UNDP) адам әлеуетінің даму индексі (HDI) бағдарламасы ішкі жалпы өнімнің бір адамға шаққандағы үлесі, білім алуы мен болжанған өмір сүру ұзақтығын есептейді. Есепке сәйкес, әлемнің барлық жерінде даму бәсеңдеген және ол бірқалыпты деңгейде емес.
Тізімнің бастапқы орындары өзгеріссіз қалды. Үздік бестікке Норвегия, Австралия, Швейцария, Нидерланды және АҚШ кіреді. Соңғы бестікте Сьерра-Леоне, Чад, Орталық Африка Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы мен Нигер бар.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz