ЕУРОПА ЛИГАСЫ: «Астана» командасы келесі кезеңге өтті

83

Қазақстанның «Астана» футбол командасы Еуропа Лигасының екiншi кезеңiнде «Хапоэльмен» қарымта матч өткiзiп, 0:1 есебiмен жеңiлiс тапты.

Алғашқы тайм барысында сылбыр ойнаған футболшылар бiр-бiрiнiң қақпасына гол сала алмай, үзiлiске аттанды. Ал екiншi таймда қазақстандық клубтың қарсыластары айып добын тебуге мүмкiндiк алды және «тоғыз метрлiктi» «Хапоэльдiң» шабуылшысы Лукас Саша мүлтiксiз орындап, «Астана» қақпасында доп тулатты.

Айта кетейiк, Астанада өткен бiрiншi кездесуде жергiлiктi команда «Хапоэльге» жауапсыз 3 гол тоғытқан болатын. Осы жеңiсiнiң арқасында жалпы қорытынды бойынша 3:1 есебiмен жеңiске жеткен «Астана» Еуропа Лигасының үшiншi раундына жолдама алды.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Comments are closed.