Спорт және туризм

ЕУРОПА ЛИГАСЫ: «Қайрат» «Эсбьергке» есе жіберіп, келесі кезеңге өте алмай қалды

ЕУРОПА ЛИГАСЫ: «Қайрат» «Эсбьергке» есе жіберіп, келесі кезеңге өте алмай қалды

Бүгін Алматының «Қайрат» командасы Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында Данияның Эсбьерг қаласында жергілікті «Эсбьерг» командасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліс тапты. Ойын басталысымен  «қайраттықтар» жинақылық танытып, барынша ұқыпты ойнауға тырысты. Дегенмен, даниялықтар ойын тізгінін қолдан шығарған жоқ. Алаң ортасы солардың иелігінде болды. Ойынның 31-минутында қорғаушылардың қателігін ұтымды пайдаланған даниялық Якоб Анхельсон доп соғып, есепті ашты. Артынша «қайраттықтар» үшін есепті теңестіруге мүмкіндік туды. Бірақ Исаэлдің тепкен добы қақпаның маңдайшасына тиіп, кейін серпілді. Бірінші таймда даниялықтардың тепкен сегіз добының төртеуі қақпаға дәл бағытталса, «қайраттықтардың» тепкен бар-жоғы үш добы қақпа сыртына кетті. Екінші таймда ойын сипаты өзгерген жоқ. Ойынның 48-минутында «Қайраттың» қақпашы Хомич жақын жерден сол қапталына қарай тебілген допты қайтарып, есептің еселенуіне мүмкіндік бермеді. «Қайрат» командасы допқа көбірек иеліп етіп, бірнеше рет қауіпті сәтті туғызғанымен, мүлт кетіп жатты. Сонымен «Эсбьерг» 1:0 есебімен жеңіске жетіп, Еуропа лигасының келесі кезеңіне жолдама алды. Ал, «Қайрат», өкінішке қарай, Еуропа лигасынан сырт қалды.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz