ФУТБОЛ: Коста-Рика құрама командасының бас бапкері Хорхе Пинто қызметінен кетпек
ФУТБОЛ: Коста-Рика құрама командасының бас бапкері Хорхе Пинто қызметінен кетпек
Футболдан Коста-Рика құрама командасының бас бапкері Хорхе Пинто қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Жаттықтырушының айтуынша, ол жаңа келісімшарт бойынша Коста Рика футбол федерациясының президенті Эдуард Лимен және бір штаб маманымен келісе алмаған. "Жаңа келісімшарт бойынша ортақ келесімге келе алмадық, оның басты себебі - жаттықтырушылар штабының құрамы мәселесі. Мұнда біздің ойымыз бір жерден шықпады. Бір жарым жыл бойы жаттықтырушылар штабында мен ұнатпайтын адаммен бірге жұмыс істеуге мәжбүр болдым. Егер штаб құрамын жасақтауда мен көңіліме жаққан маманды ала алмасам, онда мұнда қалудың еш реті жоқ деп ойлаймын", - деді Пинто. Еске сала кетейік, Бразилияда өткен әлем чемпионатында Пинто жаттықтырған құрама команда ширек финалға дейін жетіп, Нидерланды құрамасынан 3:4 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz