Экспорт тық өнім көлемі арт ты
Экспорт тық өнім көлемі арт ты
[gallery bgs_gallery_type="slider" ids="85168,85169"]
Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында «...индустрияландыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейлінше инновациялық сипатқа ие болуға тиіс. Кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет» деп атап көрсеткені белгілі.
Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ, «Қазфосфат» ЖШС-ның бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері.
Біздің кәсіпорнымызда да тиісті атқарылар жұмыстар тап осы бағытта үйлестірілуде. Атап өтерлігі сол, биыл өнімдерімізді өткеру көлемі былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, едәуір ұлғаюына қол жеткіздік. Яғни есепті мерзімде сары фосфор – 6 288, фосфор қышқылы – 3 142, үшфосфатты натрий – 9 209, фосфоркалийлі тыңайтқыш – 498, аммофос 386 тоннаға артық өндіріліп отыр. Мұның барлығы да өндіріс еңбеккерлерінің уақытпен санаспай еңбек етуінің жемісі екені айтпаса да түсінікті. Компаниямыз өнімдерін сату мен өзінің өндірістік базасының қуаттылығын мейлінше тиімділікпен пайдалана отырып, түскен табысты өндіріс ауқымын ұлғайтуға және жаңарту үшін инвестицияға салуда. Атап айтқанда, ЖЖФЗ инвестициялық жобаларына – оның ішінде шаң тазалау циклондарын заманауи жүйеге алмастыруға, №5 пешінің автоматты басқару жүйесін жаңартуға, сары фосфорды тереңдеп тазартуға, шағын күкіртті фосфор алу қондырғыларын орнатуға, тағы басқаларына 902,2 миллион теңге жұмсалды. Ал минералдық тыңайтқыштар өндіру жайына келсек, бұл тұрғыдағы инвестициялық шығындар 1488 миллион теңгені құрады. Атап айтқанда, бұл қаражат есебінен ұнтақтап, кептіру барабаны мен аммиак сақтау қоймасын қайта жаңғырту, өндіріске қажетті құрал-жабдықтар сатып алу, басқа да жұмыстар жүзеге асырылды. Серіктестіктің Тараз филиалында «Тыңайтқыш өндірісін техникалық қайта жарақтандыру – ұнтақтап, кептіру барабаны бөлімшесін жаңарту» атты жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыруды бастадық. Бұл жоба мұнда жылына 500 мың тонна минералды тыңайтқыш, яғни бұған дейінгі деңгейден 300 мың тоннаға артық өндірілуіне мүмкіндік беретін болады. Сондай-ақ компанияның құрылымдық бөлімшелерінің материалдық-техникалық әлеуеті арттырылу үстінде. Қаратау тау-кен өндірістік кешеніне 621,0 миллион, Шолақтау тау-кен өндірістік кешеніне 174,5 миллион теңгеге қажетті техникалар, арнаулы құрал-жабдықтар мен құрылғылар сатып алынды. Құрылымдарымыздың әлеуеті бұдан әрі де ұдайы жетілдіріле беретін болады. Осы орайда қол жеткен жетістіктердің барлығына да білікті мамандарымыздың ерен еңбегінің арқасында қол жеткізіп отырғанымызды ерекше атап өту ләзім. Олар техникалық біліктіліктерін ұдайы жетілдіріп те отырады. Тәжірибелі мамандардың жастарға тәлімгерлік ету дәстүрі де сақталуда. Химия кәсіпорындары жергілікті тұрғындар күнкөрісінің негізгі көзіне айналуда десек те болады. Бүгінгі күні компанияның жұмысшы, қызметкерлерінің жалпы саны 6128 бірлікті құрайды. Олардың орташа айлық жалақыларының көлемі де өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 12,9 пайызға артып отыр. Соған сәйкес еңбек өнімділігі де биылғы жылдың жеті айы ішінде былтырғы жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 38,9 пайызға ұлғайтылып, бір адамға шаққанда 10222,1 мың теңгені құрады. Тәуелсіздік жылдарында екінші тынысын ашып, бүгінде еліміздегі һәм өңіріміздегі химия өндірісінің алыбына айналған «Қазфосфат» ЖШС-ның жергілікті қазына қоржыны қомақтылана түсуіне қосып отырған үлесі де мол. Бүгінгі күні компания тарапынан салықтар мен бюджеттен тыс төлемдер үшін 7, 6 миллиард теңге (оның ішінде 2,5 миллиард теңгесі облыстық бюджет есебіне) көлемінде аударымдар жасалды. Кәсіпорнымыздың облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында айрықша елеулі орны бар екенін осының өзінен айқын байқауға болады емес пе?! Жалпы біз жеткен жетістіктеріміздің деңгейінде қалып қоюды ойламаймыз. Нарықтық кеңістіктегі жеткен шебімізді одан әрі бекемдеп, жаңа белестерді бағындыруға ұдайы талпыныс жасай беретін боламыз. Әлбетте, теңіз дәліздеріне тікелей шығуының қиындығы, әлемдік өткеру нарығынан алыста болуымыз, осы аталған нарықтық нысандарға өнімді тасымалдап жеткізу құнының тым жоғары екендігі секілді еліміздің жағырапиялық ерекшеліктерін ескерсек, бұл – өте ауқымды әрі күрделі міндет. Алайда біз жаңа нарықтық кеңістіктерге шығу мүмкіндіктерін ұдайы іздестіру үстіндеміз. Осылайша 2012 жылы АҚШ нарығына шыға алдық. Ал 2013 жылы компания құрылғалы бері, жалпы химия өндірісі тарихында алғаш рет көршілес Қытай және Вьетнам елдері секілді бәсекелестері бар екеніне қарамастан Үндістанға фосфор жеткізу ісін бастадық. Бүгінде осы нарықтарда тұрақтап қалып қоюмен бірге АҚШ пен Үндістан нарықтарына сары фосфорды экспорттау көлемін 1,5-тен 7 мың тоннаға дейін едәуір ұлғайтып та отырмыз. Қазіргі уақытта біздің өнімдеріміздің сапасы Жапонияда мақұлдануы жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл бізге қосымша өнім өткеру көлемін түбегейлі 3-5 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек үшфосфатты натрий өнімін Египет, Түркия елдері нарығына тасымалдау ісін бастадық. Африка мен Латын Америкасы елдері нарығы сұранысын зерделеу жұмыстарын да жүргізудеміз. Осы жылдың басында біз өндірген минералды тыңайтқыштар алғаш рет Аргентина жеріне жеткізілді. Енді өнімдерімізді Ауғанстанға экспортқа шығаруды ойластырудамыз. Өнімдерімізге әлемдік нарықта сұраныс арта беретініне бек сенімдіміз.