Басты жаңалық

Фэйсбук қолданушыларының саны 1,32 млрд-қа жетті

Фэйсбук қолданушыларының саны 1,32 млрд-қа жетті

Facebook әлеуметтік желісін пайдаланатын адамдардың саны 1,32 млрд-қа жетіп отыр. Соңғы үш айда желінің аудиториясы 40 миллион адамға артқан. Бұл жайында Фэйсбуктың ресми мәлімдемесінде көрсетілді. Дегенмен, аталған желіге қосылғандар саны өткен тоқсандармен салыстырғанда өспеген. Мәселен, бұған дейінгі үш айлықта Фэйсбук аудиториясына жаңа 50 миллион юзер қосылса, оның алдында желі 40 миллионмен адаммен толыққан. Фэйсбуктің мобильді нұсқасын ай сайын пайдаланатындар саны 1,07 млрд адамды құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1/3-ге өскен. Жалпы, соңғы жылы Фэйсбукты күн сайын пайдаланатын адамдар саны артып, 829 миллион тұтынушыны құрап отыр.

Ақпарат көзі: www.baq.kz