Жаңалықтар

Сауд Арабиясында әзілдеген адамдар жауапқа тартылады

Сауд Арабиясында әзілдеген адамдар жауапқа тартылады

Сауд Арабиясында діни тақырыптарға әзіл айтқан адамдар 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылмақ. Бұл туралы корольдіктің Twitter желісіндегі парақшасында жазылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кінәлі деп танылғандар 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады немесе үш миллион риал көлемінде айыппұл төлейді. Бұл шамамен 295 935 миллион теңге. Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылы королдіктің діни полициясына тіл тигізген Раиф Бадави есімді азаматты соттап, 10 жыл көлемінде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

zakon.kz